06.03.2024, 17:40

Мөлдір Әуелбекова Баянның кешінде ән айтуға қиналғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: kaz.globalnews.kz

Белгілі әнші Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше образын көрсетіп, қиналғанын жазды.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының 5 наурызда өткізген “QUEEN” шоуында көптеген қазақстандық әншілер өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың арасында «Кешью»-дің бұрынғы солисі  Мөлдір Әуелбекова да бар. Белгілі әнші Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше образын көрсетіп, қиналғанын жазды.

«2 жіпке ілініп, қорқыныш пен ыңғайсыздықта жанды дауыста ән айту оңай болмады», - деп жазған ол.