07.03.2024, 15:40

Ырысбала Икрамбай тұңғышының ерекше диагнозына не себеп болғанын айтты

Фото: www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Ырысбала Instagram-дағы оқырмандарымен шерін тарқатып, мұңын бөлісті. Ол 5 жастағы тұңғышына ерекше диагноз қойылғанын, оның қазір сөйлемейтінін айтып, емдету үшін Шымкентке көшкенін айтты.

Қайырымдылықпен айналысатын танымал блогер  Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында  Шымкентке қоныс аудару себебін  түсіндірді,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ырысбала Instagram-дағы оқырмандарымен шерін тарқатып, мұңын бөлісті. Ол 5 жастағы тұңғышына ерекше диагноз қойылғанын, оның қазір сөйлемейтінін айтып, емдету үшін Шымкентке көшкенін айтты. Қазір Шымкентте тұрып жатқандарына 6 ай болған.

Сондай-ақ блогер баласының  мұндай дертке шалдығуына не себеп болғанын да оқырмандарынан жасырмады.

"Жүкті кезімде көп жыладым, бөлмеге қамалып алып үнемі жаман ойлар болды. Туылғанда басында кефалогематмамен туылды. Оны 40 күн толғанда ота жасап, басындағы ұйыған қанды 2 рет шприцпен алдырып тастадық. Ол неден пайда болды? Баланы дұрыс тумағаннан, тууға дайындалмағаннан, дәрігерлердің айтқанын дұрыс орындамағаннан. Бала 6 айлығында мен екіншімді көтеріп, дұрыс тамақтандырмай үнемі іш қатуды қолдан жасап алдық, еңбектемеді, көтенімен сырғып жүре береді. Бір жарым жасқа дейін бәрі дұрыс болды, екінші бала туылып үйге келгенде, үлкенім өз әлеміне кіріп кетті", - деп жазған ол.

Блогер баласының осындай күйге түсуіне күйеуі мен өзінің қателіктері себеп болды деп санайтынын және бұл үшін өзін кінәлі сезінетінін де айтты. 

"Балаң қатарынан қалып, ештеңені түсінбей, тек айғайлай бергенде балаға ұрысып, ұрып алғаннан кейін өзімді кінәлі санап, "неге ұрдым, ауру бала туған өзім" деп өзімді жеп тастайтынмын",- деді ол.