Instagram-дағы парақшасында өнер иесі отбасылық суретін жариялады.
Танымал әнші Арман Қоңыр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram-дағы парақшасында өнер иесі отбасылық суретін жариялап, астына әкесінің қайтқаны жайлы жеткізді.
Бір апта бұрын қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын, әке! 25.01.1962 - 01.03.2024, - деп жазған ол.