09.03.2024, 14:30

«Ғарыш дауыстары»: Испанияда Димаштың туындысы шабыт сыйлап, нәтижесінде манга пайда болды

Фото: dimashnews.kz

Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде "Ғарыш дауыстары" атты жаңа мангасын басып шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Voices of space" ("Ғарыш дауыстары") – 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей даусымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды. Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Манганың авторы – испаниялық суретші Альберто Митя. Ол Димаштың шығармашылығымен 3 жыл бұрын танысқан. Оны манга жасауға Димаштың орындауындағы S.O.S әні шабыттандырған.

"Мен бұл шығарманы Димаштың ерекше таланты мен ғажайып дауысын көпшілікке таныту мақсатында жаздым. "Voices of space" – ғарыштық жарыстарда өз даусымен сайыстарға түсетін бала туралы ғылыми-фантастикалық және фэнтези жанрындағы манга", - деді Альберто Митя.