$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова: Мені бір сағатқа болса да өз әйеліңіздей жақсы көр (ВИДЕО)

Ал кешке келген халық әншінің әр әзіліне риза болып, ішек-сілесі қата күлді.

Фото: архивтен
Фото: архивтен

Алматыда жеке кешін өткізген Мақпал Жүнісованың операторларға өзін әдемілеп түсіруді әзілдеп жеткізгені көрерменді  қыран-топан күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ән кешінің видеосын Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Теледидарға табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер. Базарға жиі барам. Сол жерде "Қандай әдемі келіншексіз? Теледидардан қарасақ, жардай боп, семіріп тұрасыз" дейді. Баяғыда Зәкең де "Менің әйелім "нормальный" сияқты еді. Теледидардан көрсем, танымай қаламын" деп айтатын.

Сондықтан құрметті, концертті түсіріп тұрған жігіттер! Мені бір сағатқа болса да, өз әйеліңіздей жақсы көріп, әдемілеп түсірулеріңізді өтінемін", - деді Мақпал Жүнісова.

Ал кешке келген халық әншінің әр әзіліне риза болып, ішек-сілесі қата күлді.

Әлеуметтік желідегі тыңдармандары да әншінің жарасымды әзіліне қолдау білдіріп, жақсы қабылдады.  "Концерт керемет өтті", "Өмірде әдемісіз", "Расымен дұрыс түсірмейді екен", "Керемет әзілдейсіз", - деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары