Болашақта балаларымыз қалай болады?
Жуырда әнші әрі композитор Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың бейтаныс қызға жазған интим хаттары желіде тараған еді. Енді Олжас Еспановтың жазбаларына қатысты Аша Матай пікір білдірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Taboo» подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Танымал әншінің ұлы бейтаныс қызға жазған интим хаттары әлеуметтік желіде тарады. Ол жерде жігіт қызды қонақүй жалдап, төсектес болуға шақырған. Бұл туралы әлеуметтік желіде біраз талқыланды.
Тағы оқи отырыңыз: «Ол үшін ұялмаймын»: Нұрлан Еспанов болашақ келінін өзі іздейтінін айтты
Әлеуметтік желіден көріп, қатты қапаландық. Тіпті, жолдасым Арманмен бірге отырып, талқыладық. Дегенмен, бұл баланы жақсы танимын деп айта алмаймын. Бірақ ата-анасы жақсы танимын. Бір-екі рет Нұрлан ағаның қасынан көрдім. Ондай жаман қылықтарын байқаған жоқпын. Әкесі керемет жан. Үйіндегі жеңгемізбен де сәлеміміз түзу. Олжасты жолдан тайдыру үшін әдейі ұйымдастырылған да болуы мүмкін. Егер қыз өзін жақсы ұстаса, ондай әңгіме жазылмас еді деп ойлаймын. Балалықпен де жазылған болуы мүмкін. Бірдеңені кесіп-пішіп айту қиын. Өзіңді не күтіп тұрғанын білмейсің. Болашақта балаларымыз қалай болады? Отбасы үшін ғана қиын жағдай. Соңы жақсы аяқталсын, – дейді актриса.