$ 443.44  480.51  4.88

Жас әнші депутат әкесінен ұялғанын айтты

Мен әкемнен ұялатынмын. Оның қызметінен ұялатынмын және бұл туралы айтуға қорқатынмын.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Dequine лақап атымен белгілі әнші Данеля Садықова Мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың қызы екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Massaget.kz сайтының жазуынша, бұл туралы әншінің "Замандас" подкастына берген сұхбатынан белгілі болған.

"Мен әкемнен ұялатынмын. Оның қызметінен ұялатынмын және бұл туралы айтуға қорқатынмын. Себебі өткен жылдан бастап отбасым Астанаға көшіп, әкем депутаттық қызмет атқарып жүр. Бұл ақпаратты айтуға қорқатынмын. Себебі 16-18 жасынан блог жүргізіп, дамыған мен үшін бұл туралы айту қорқынышты болды. Қазір не үшін ұялдым деп ойлаймын. Әкем әділ адам, жақсы дүниелерді қозғап жүр. Бұл туралы өзім айтқаным дұрыс шығар деп ойладым", - дейді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары