$ 494.87  520.65  4.91

«Шайға шақыруға дайынмын»: Роза Рымбаева Есқалиевамен, Жүнісовамен жақын араласа ма?

Нағиманың 70 жас мерейтойында “Мақпал халық әртісі емес” деген сөз тарады.

Скрин: YouTube/ Dinara Satzhan
Скрин: YouTube/ Dinara Satzhan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева cахнада 50 жыл өнер көрсеткеніне орай тележүргізуші Динара Сатжанға сұхбат беріп, халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, ол өнердегі әріптесі Нағима Есқалиеваның "Мақпал Жүнісова - халық әртісі емес" деген сөздеріне қатысты пікір білдірді.

"Нағиманың 70 жас мерейтойында “Мақпал халық әртісі емес” деген сөз тарады. Нағима олай айтпай-ақ қою керек еді. Ол халық әртісі, халықтың сүйіктісі. Ол бізге қарағанда анағұрлым сұранысқа ие әнші. Қандай ән таңдау керек екенін, оны кімге шырқау керек екенін біледі. Ол өз ісінің нағыз шебері. Үшеуміздің де сахнада жүргенімізге 50 жылдай уақыт болды. Бізде өзара сыйластық болу керек. Мен екеуінде қатты жақсы көремін. Нағиманың да, Мақпалдың да дауысы мен сұлулығына тәнтімін.

Олармен жақын араласатыныма қуаныштымын. Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз, бағытымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз "Гүлдер" ансамблінен бері келе жатыр", – деді әртіс Динара Сәтжанға берген сұхбатында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 75
Ұнамайды 7
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары