$ 441.66  475.14  4.86

«Қытайлықсыздар ма?»: Қазақтарды танымай қалған Димаш елді күлдіртті (ВИДЕО)

Кадрдан Димаш Құдайберген ұялып, қызарып кеткенін байқауға болады.

Әлеуметтік желілерде әлемдік деңгейде танымал әнші Димаш Құдайберген түскен қызықты видео тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеода Димаш Құдайберген жас тыңдармандарымен суретке түсіп жатып "Қытайлықсыздар ма?" – деп ағылшын тілінде сұрақ қояды, ал бірге суретке түсіп жатқан балалар "Жоқ, біз қазақпыз", – деп оған  орыс тілінде жауап береді. 

Кадрдан Димаш Құдайберген ұялып, қызарып кеткені байқауға болады. Астына пікір жазған желі қолданушылары Димаш танымал екеніне қарамастан сондай қарапайым екенін атап өткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары