$ 443.37  474.49  4.83

Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклі қаншаға шықты?

Мюзикл стилінде өткен концерттің ең қымбат билеті  – 100 000 теңге тұрған.

Фото: www.instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: www.instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер, актриса Баян Мақсатқызы «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында «Queen show» концертінің бюджеті қаншаға шыққанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Отандық шоу-бизнесте ойып алар орны бар продюсер 30 жылдық шығармашылығына осы концерт арқылы есеп бергісі келгенін және бірсарынды концерттерден шаршағанын жеткізді.

«Әлемнің қаншама алпауыт елдерін араладым. Қаншама түрлі шетелдік концерттерді көрдім. Солардан тәжірибе жинақтадым. Қашанғы бірсарынды концерт қойып, фонограммамен ән айта береміз. Шоуға бір жарым ай дайындалдым. 5-6 рет қана дайындыққа келдім. Содан болар, сахнаға шыққанда қатты қобалжып, әнімнің сөзін ұмытып қалдым. Шоудың демеушісі – жолдасым. 200 миллионнан аса қаражат кетті», – дейді продюсер.

Мюзикл стилінде өткен концерттің ең қымбат билеті  – 100 000 теңге тұрған.

Десе де Баян Мақсатқызы өнер саласында жүрген көптеген танысына шақыру билетін жіберген.

«Мені арнайы шақырды. Бірақ Баянның еңбегін бағалап, билетті сатып алуға да болатын еді. Талай жұлдыздың жолын ашқан шоу-бизнестегі бірегей тұлға»,  деді актер Азамат Сатыбалды.

«Мен 100 мың теңге тұратын ең қымбат билетті сатып алдым. Әпкеме осылай қолдау білдіргім келді», – деп ағынан жарылды актер Айдар Асқарбек.

«Маған шақыру билеті келген. Бірақ мен бас тарттым. Билетті өзім сатып алдым. Концертке менің де қосқан үлесім бар. Өйткені 20 күн ішінде 250 сахналық көйлек тіктік. Мен идеямды ұсынамын, соңғы сөзді продюсердің өзі айтады», – деді дизайнер Назым Карпыкова.

Мюзикл жанрындағы концертке жиналғандар продюсер шығармашылығымен қатар жеке өмірінен де көріністерді тамашалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары