14.03.2024, 03:30

Танымал әзілкеш 78 жасында әке атанды

Фото: bruhunova инстаграм парақшасынан

Петросян мен оның жұбайының жас айырмашылығы 43 жас.

78 жастағы ресейлік әртіс Евгений Петросянның үшінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты хабарды оның жары Татьяна Брухунова жеткізді.

Ерлі-зайыптының ортақ суреті 13 наурыз күні Брухунованың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Менің бақытты 35 жылым және Ваганның бақытты 4 жылы», – делінген жазбада.

Өзге мәліметтер жарияланбаған.

Айта кетерлігі, Петросян мен оның жұбайының жас айырмашылығы 43 жас.

2020 жылы жұп қызды болды. Әзілкештің бұдан бөлек 55 жастағы Викторина есімді қызы бар.