$ 494.87  520.65  4.91

«Ең ауыр жаза сол»: Қанат Айтбаев марқұм әкесінің берген тәрбиесі жайлы айтты

Танымал әнші Димаштың атасы, Қанат Айтбаевтың әкесі Құдайберген былтыр маусымда өмірден өтті.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев «Жақсы адамдарым» бағдарламасында марқұм әкесін еске алып, оның берген тәрбиесіне алғысын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Үйде анам мен әкем ешқашан «Жалғыз бала» деп қарамады. Бетіммен жібермеді және қатал да ұстамады. Қас-қабағына қарап өстік. Әкем де, анам да сөзбен айтатын. Әкеме бірнәрсе ұнамаса, үндемей қалатын. Ең ауыр жаза сол еді. Әкеме де, анама да жақын болып өстік. Өйткені, бар мейірімге шомылдырып, бар жақсы қасиетті бойымызға сіңірді. Ешқашан еш нәрседен шектемеді. Сол кезде дүкенде көп нәрсе болмайтын. Ауылдағы балалардың алды болып, ең алғаш велосипедті де мен алдым.

Бала кезде қызығушылығым көп болатын. Қызығушылығымның барлығына керек затты әкем мен анам почтамен алдырса да, тауып беретін. Сондықтан әкем мен анама ризамын. Анамыздың қабағына кірбің түспесе деймін. Ата-анамыздың тарапынан ешқашан дауыс көтеру, айқайлау дегенді естімеген, ұрып-соғуды көрмеген адамбыз», - деді көзіне жас үйірілген Қанат Айтбаев.

Танымал әнші Димаштың атасы, Қанат Айтбаевтың әкесі Құдайберген былтыр маусымда өмірден өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары