$ 443.37  474.49  4.83

Голливудтың блокбастерінен озды: Отандық фильм 2 аптада 1 млрд теңге касса жинады (ВИДЕО)

Жақында барлық кинотеатрларда Құралай Анарбекованың көпшіліктің көңілінен шыққан «Брат или Брак» фильмінің үшінші бөлімінің көрсетілімі басталған еді.

Фото: www.instagram.com/kuralay_corich
Фото: www.instagram.com/kuralay_corich

Актриса және продюсер Құралай Анарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында барлық кинотеатрларда Құралай Анарбекованың көпшіліктің көңілінен шыққан «Брат или Брак» фильмінің үшінші бөлімінің көрсетілімі басталған еді. Фильмнің продюсері Instagram парақшасында 2 апта ішінде 1 млрд касса жиналғанын айтып, қуанышымен бөлісіп, көрермендеріне алғысын білдірді.

«Қуанышты жаңалық! Біздің фильм миллиард теңге жинады!

«Брат или Брак 3» голливудтың ең мықты жұлдыздары мен қомақты қаржыға түсірілген «Дюна 2» блокбастерінен касса жинау жағынан басып озды!

Бастысы сіздерге көрермен, көп рақмет! Міне, екінші апта болды сіздердің арқаларыңызда Голливудтық емес, Қазақстандық төл туындымызға қолдау көп болып жатқаны қуантады!»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары