$ 475.03  517.21  5.44

«Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!» фильмінің актері Александр Ширвиндт қайтыс болды

Ширвиндт 70-тен аса фильмге түскен.

Фото: "Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмінен кадр (1975)
Фото: "Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмінен кадр (1975)

Ресейдің халық әртісі, Сатира театрының бұрынғы көркемдік жетекшісі, танымал актер 15 наурызда 89 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал актердің қазасы жайлы Сатира театрының көркемдік жетекшісі Сергей Газаров хабарлаған. Өнер иесі 89 жасында ауруханада қайтыс болған. Актердің жүрегін емдетіп жүргені мәлім.

Александр Ширвиндт 1934 жылы 19 шілдеде Мәскеуде дүниеге келген. Борис Щукин атындағы Театр институтын бітірген. 1970-жылдан бері Сатира театрында қызмет еткен. 2000-жылдан бері осы театрдың көркемдік жетекшісі, ал 2021 жылдан бері Президенті қызметін атқарған.

Ол «Таңғы пошта» телебағдарламасының жүргізушісі ретінде көпшілікке танымал болды. Сондай-ақ жарты ғасырға жуық жаңа жыл қарсаңында теледидардан түспей келе жатқан «Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!» фильміндегі рөлімен де кең танымал.

Ширвиндт 70-тен аса фильмге түскен. Соның ішінде халық арасында кең тарағаны "Ирония судьбы, или С легким паром!", "Небесные ласточки", "Трое в лодке" не считая собаки", "Самая обаятельная и привлекательная", "Вокзал для двоих", "12 стульев" фильмдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары