17.03.2024, 05:30

«Араласпа, өзім қатырамын»: Нұртас Айдарбеков келініне сәресі дайындап жүр (ВИДЕО)

Видеодан кадр: Instagram/indi_maulenova

Заңғар Нұртастың келіншегі бұл көріністі көріп, қайын атасының асқан қамқорлығына тәнті болған.

Желіде Нұртас Айдарбековтың келінімен түскен ерекше видеосы тарап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Жұлдызды қайын ата келінінің қамын ойлап, оған сәресін өзі дайындап берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нұртас Айдарбековтың ас дайындап жатқан видеосын кіші келіні Индира Мәуленова өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда қайын атасының оған араласпауын сұрап, сәресін өзі дайындап беретінін айтып жатқанын көруге болады.

"Қызым араласпа, өзім әдемі қыламын. Бүгін сендерге сәресін өзім жасап беремін. Қазір әкең не істеп қоятынын көресің. Бүгін араласпа, өзім қатырамын, күшті істеп қоямын", - деді Нұртас Айдарбеков. 

Заңғар Нұртастың келіншегі бұл көріністі көріп, қайын атасының асқан қамқорлығына тәнті болған.

"Сауап жинап жатырсыз. Кімде бар осындай қайын ата? Күшті иіс шығып жатыр. Папа тамақ жасап жатыр екен", - деді ол.