$ 442.05  474.14  4.74

Мақпал Жүнісоваға тыңдарманы гауһар тасты сақина сыйлады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жарыса жазды.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде жеке ән кешін өткізуде. Кезекті бір концертте өнер иесіне тыңдарманы гауһар тасты жүзік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гауһар тасты жүзік сыйлаған тыңдарманыма рақмет, – деп әнші әсерлі сәтте түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Видеодан концертке келген әйелдің әншінің қолына жүзік тағып, арқасына орамал жапқаны анық байқалып тұр.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары