$ 494.87  520.65  4.91

Мөлдір Әуелбекова Ұлттық киім күніне арнайы түскен суреттерімен елді тәнті етті

Өнер иесі ұлттық киімдегі суреттерін Instagram парақшасында жариялады.

Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші  Мөлдір Әуелбекова Наурыз қарсаңында тойланып жатқан "Ұлттық киім" күніне орай қазақи үлгідегі образымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ұлттық киімдегі суреттерін Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін "Ұлттық киім" күні! Бөрікті жас қыздарымыз кисе, сәукелемен сұлу қалыңдық ұзатылған. Орамалды жас келін, аналар тақса, әдемә кимешекті апа - әжелеріміз ораған. Ал, сіз күнделікті өмірде бөрікпен жүрсіз бе, әлде орамал тағып, кимешек орайсыз ба? Мен орамал тағатын әдемі қызбын, сіз ше", - деп сауал жолдады өнер иесі.

Кимешегі мен күміс әшекейлерін әдемі үйлестіріп киінген эстрада жұлдызына оқырмандары сүйсініп, тамсана пікір жазды.

"Өте жарасымды, маған ұнап тұр", "Жабық киінсе, осы кісіден үйрену керек. Жабық киініп-ақ, өз салт-дәстүрімізді дәріптеп жүр", "Көрсе көз тоярлық, ер азамат түгілі әйел қауымының көзіне де қандай сымбатты, ажарлы жансыз", "Мына образыңыз өзіңізге сондай жараса кетті", "Нағыз қазақтың сұлу келіншегі", - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары