$ 441.44  473.09  4.75

Әли Оқапов әкесінің туған күніне ән арнады (ВИДЕО)

Сондай-ақ ол бұл әннің бірнеше жыл бұрын дайын болғанын, бірақ өзі әке атанғанда ғана жариялауға батылы жеткенін айтты.

Фото: www.instagram.com/aliokapov
Фото: www.instagram.com/aliokapov

Танымал музыкант Әли Оқапов марқұм әкесінің бүгінгі туған күніне арнап «Әкеге арнау» әнін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram парақшасында ән үзіндісін бөліскен әнші астына қысқа ғана «Туған күніңмен, папа!» деген жазба қалдырған.

Сондай-ақ ол бұл әннің бірнеше жыл бұрын дайын болғанын, бірақ өзі әке атанғанда ғана жариялауға батылы жеткенін айтты.

Жаңа әнді жақсы қабылдаған оқырмандары Әлиге қолдау сөздерін аямады.

"Папаңның туған күні құтты болсын!", "Керемет композиция", "Сенің әкең үлкен әріппен жазылатын ұлы адам ғой сондай адамның ұлы болғанына қуаң, жатқан жері жайлы болсын" деп жазуда оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары