24.03.2024, 19:30

Наркенже Серікбаеваның анасы қайтыс болды

Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Жаназа намазының өтетін орны: Түлкібас ауданы Түлкібас станциясы (үстірт), Әлтеев көшесі, 17 үй. 

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның анасы өмірден өтті. Өнер иесі Instagram парақшасында марқұм анасының жаназасы қай жерде өтетінін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Наркенже әпкеміздің анасы Ұлболсын апамыз Раббысына қайтты, – деп жазылған әншінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.

Әнші таратқан ақпаратқа сүйенсек, марқұмның жаназа намазы 24 наурызда сағат 15:00-де болады. Жаназа намазының өтетін орны: Түлкібас ауданы Түлкібас станциясы (үстірт), Әлтеев көшесі, 17 үй.