$ 443.35  475.54  4.82

«Жетінші рет ота жасады»: Құрманай Бақтиярдың денсаулығы тағы да сыр берді (ВИДЕО)

Дәрігерімнің өзі “в шоке” болды” деп жазды композитор.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал сазгер, композитор Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ота жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соңғы кезде өнер иесі жиі отаға түсіп жүргенін жасырмады. 

“Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші реота жасалды. Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген еді дәрігер. Оны естіген достарым барлығына дайын болды. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен, қуанышы”, – деп жазды сазгер. 

Одан кейін сазгер оқырмандарымен сырласа келе, отаның көп жасалуы дәрігер қателегі екенін де айтып өтті. 

“Дәрігер қателігі болса да, мен Алланың берген сынағы деп білемін. Қай дәрігер жаман ойлайды. Дәрігерімнің өзі “в шоке” болды” деп жазды композитор. Желі қолданушылары сүйікті авторының тез сауығып кетуін тілеп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары