Олар сенімге кіріп, өтірік ойын ойнатып жүр.
Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің атын жамылып жүрген алаяқтар барын ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, алаяқтар енді халықтың сеніміне өтірік дәлел арқылы кіруге тырысып жатқан көрінеді.
Сақ болыңыздар! Телеграмда алаяқтар өтірік дәлел жинап, сенімге кіріп, өтірік ойын ойнатып жүр. Тіпті таргетке де жарнама шығарған. Осыны сол адам көріп отырса, жазаң ауыр болады, жеңіл ақша табамын деп өмір жолыңды ауырлатпа, - деп жазды әнші.