Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді.
Танымал әнші Жазира Байырбекова ер-азаматтарды әйелдерін құрметтеуге шақырды. Оның айтуынша, отбасында жылулық ақшамен өлшенбейді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші алдымен, отбасындағы ердің әйел үшін жұмсайтын қаражатына қатысты көзқарасын білдірді.
Әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады» деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер-азаматына риза болып жүреді.
Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек. Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспеймін. Бәрі жетіп тұрғаны, әрине, жақсы ғой. Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз) шын көңілімен «отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін» деп жылы сөз айтса да риза боламыз. Қымбат сыйлық жасау керек деп бар тапқандарыңызды әйеліңізге жұмсап,ата-анаңызға,бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар жігіттер. Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрын жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді. Мүмкін менің ойым қате шығар… Сіздер қалай ойлайсыздар?, – деп әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарына сұрақ қойды.
Бұл ретте, әншінің оқырмандары «Көзге көрінбейтін мың шаруа істеген әйел қауымы барлық жақсыға лайық», «Еркектер жылы сөйлеп үйрену керек» десті.