Өз үйіме өзім қалаған ыдысты таңдап, қаласам киімсіз немесе іш киімсіз билеуден рахаттанамын.
Блогер Айсәуле Бақытбек неліктен енесінен бөлек тұратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі блогерден "Енеңізбен бірге тұрасыз ба?", – деп сұраған. Ал Айсәуле енесінің жақсы адам екенін, алайда бөлек тұрғанды қалайтынын айтты.
"Жоқ, бөлек тұрамыз. Енем өте жақсы адам. Бірақ есею үшін, бөлек тұрған дұрыс деп ойлаймын. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ бөлек тұрған дұрыс деп есептеймін. Өз үйіме өзім қалаған ыдысты таңдап, қаласам киімсіз немесе іш киімсіз билеуден рахаттанамын. Қаласам, түске дейін ұйықтаймын. Үй жинамасам да, ол үшін өзімді кінәламаймын. Сонымен қатар балаларға анасы мен әкесінің махаббатын көрсетіп, құшақтасып, жылы сөз айтатын отбасы үлгісін көрсету керек. Болашақта қыздарымның да ата-енесінен бөлек тұрып, өз ошағының иесі болғанын қалар едім", – деді Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында.