$ 494.87  520.65  4.91

«10 сағатта 20 млн жиналды»: Фариза Төреәлі Рамазан айында жалғызбасты анаға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

"Тым болмаса екі күнде он миллион жиналса екен деп ойлап едік".

Коллаж: sn.kz /@farizatoreali
Коллаж: sn.kz /@farizatoreali

Танымал блогер Фариза Төреәлі Рамазан айында оқырмандарының көмегімен жалғызбасты анаға Астана төрінен екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фариза Төреәлі бастапқыда өзі тұратын үйдің күзетшісіне садақа ретінде 1 млн теңге беріп, парақшасында видео жариялаған болатын. 

"Алла қалауымен оқырмандармен бірге Назира ханымға үй сыйладық! Ешқашан өзінің баспанасы болмаған екен, 60 жасқа толған шағында Алла бұйыртып тұр. Барлығы расында аяқ-асты болып кетті. Рамазан айында бір күнімізді сыртқа шығып мұқтаж жандарға көмек берейік деген ой болды. Дархан бірден біздің үйдегі күзет болып жұмыс жасайтын Назира ханымды есіне түсірді. Алла ойына салды ғой.

Алдыңғы рилста көргендеріңіздей көмек бердік ақшалай. Содан кейін оқырмандарым осы кісіге үй алуға ақша жинайықшы деп ұсыныс білдірді. Міне, 10 сағат ішінде 20 млн жиналып бірден бүгін үй алып табыстадық. Тым болмаса екі күнде он миллион жиналса екен деп ойлап едік, Алланың құдыретін қараңыздаршы. Бұл кісі әлі сене алмай жүр, "өз үйім ешқашан болмаған, бұл түсім бе" деп қояды. Бір отбасыға қандай қуаныш сыйладық, оқырмандар. Алла қабыл етсін! Әлемде жақсы адамдар көп", - деп жазды Фариза Төреәлі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары