Ол кезде қандай сезімде болу керек?
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қарапайым болуға шақырған көпшілікке жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал актриса қарапайым болуға қатысты ойын айтып, желіде жазба жариялады.
Қарапайым. Соңғы кезде осы сөзге мән беріп жүрмін. Кей ортада «Сіз өмірде өте қарапайым екенсіз» деп жатады. Ол мақтау ма? Ал көбінде әлеуметтік желіде «Адам қарапайым болуы керек!» деп ескерту айтып жатады. Ол кезде қандай сезімде болу керек? Мұқағали бір өлең жолдарын «Мен қарапайым қарттарды сүйем, нe деген керім еді!» деп бастайды. Бұл жолдардан жылулық сезіледі. Әдебиетте бұл сөздің мағынасын «Бұқарадан өзгешеленбей, артық міндеттер мен ерекшеліктерді құптамайтын көзқарастағы адам. Яғни көппен бірге жүретін, ерекшеленбейтін, бұқаралық, әлеуметтік деңгейде ойланатын адам» деп түсіндіреді. Бірақ осы сөзді қарапайым деп бөліп жазсаң мүлде басқа мән береді. Мендегі ой мынау қарапайымдылықты қарабайырлықпен шатастырмайықшы, - деп жазды ол.