Әзілкеш енді баласы бар келіншекке үйленетінін айтып, ағынан жарылды.
Белгілі актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев өзінің Instagram парақшасында продюсер Зарина Мүслімге берген сұхбатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Былтыр танымал әнші Балжан Бидашпен ажырасып кеткен әзілкеш енді баласы бар келіншекке үйленетінін айтып, ағынан жарылды.
Есіңде ме, осыдан бес жыл бұрынғы сұхбатта мен сенен “Баласы бар келіншекке үйленер ме едің?” деген сұрақ қойдым. Сен сенімді түрде “жоқ” деп жауап бердің. Қазір ол ойың өзгерді ме, – деп сұрады продюсер Жаханнан.
Журналистің бұл сауалына әзілкеш: “Қазір ойым өзгерді. Қанша баласы болса да, ұнатсам, жақсы көрсем үйленетін едім. Бұған дейін ондай адам болды. Бірақ ол кезде менде “Қаншалықты біреудің баласына әке бола аламын?” деген қорқыныш болды.
Желі қолданушыларының бірі Жаханды қолдап, демеу беріп жатса, енді бірі Балжан екеуінің екі бөлек адам екенін, бір-біріне тең емес екенін жазып жатты.
“Еңсеңді көтер бауырым, өлсең де аяғың үзеңгіде кетсін”, “Жұртқа әлсіздігіңді көрсетпе”, “Екеуі де жақсы адамдар, бірақ екеуінің өмірге деген көзқарасы тым бөлек”, “Бұл жұптың ажырасатыны басынан белгілі болды”, – деп пікір қалдырды желідегілер.