Жанар Айжанова ауызашарға келетін қонақтарға ұлттық киіммен келуге шарт қойған.
Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген әнші әрі актриса Жанар Айжанова өнер адамдарының басын қосып, үлкен ауызашар берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жанар Айжанова ауызашарға келетін қонақтарға ұлттық киіммен келуге шарт қойған. Ерекше сарында өткен ауызашарда қазақ өнерінің майталмандары түгел жиналды. Олардың арасында Азамат Сатыбалды, Ерғали Әбдірайымов, Қуандық Шәкіржанов, Шахизада Байбатжанова, Гүлзира Айдарбекова, Төреәлі Төлепов, Балғынбек Имаш, Нұрғали Нүсіпжанов, Мөлдір Әуелбекова және т.б болды. Көңілді кешке ұласқан ауызашар барысында қонақтарға ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі қызықты сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар әнші келген қонақтарға жаңа кәсібін таныстырды. Әнші «Жан ана» атауымен қазақ шайын шығаратынын айтты және ауызашардың үстінде әнші Нұрғали Нүсіпжановқа жаңа кәсібінің лентасын кестірді.