31.03.2024, 04:30

«Қысылтаяң сәтте бірлігімізді көрсетейік, ағайын!» – Димаш Құдайберген (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекенді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған.

 Әнші Димаш Құдайберген су басқан өңірлердегі зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекенді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу – ең басты парыз.

«От пен су – тілсіз жау» – қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын! - деп жазды әнші Instagram парақшасында.