$ 494.87  520.65  4.91

«Қолдан жасап алған проблема ғой»: Ләйлә Сұлтанқызы су тасқынына қатысты ойымен бөлісті

Жазбаның астындағы оқырмандар пікірі екіге бөлінді.

Фото: www.instagram.com/sultankyzy
Фото: www.instagram.com/sultankyzy

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында су тасқыны мәселесіне байланысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазбада болып жатқан жағдайға қатысты өкінішімен бірге Мемлекет басшысына сенім артатынын және мұндай жағдай екінші рет қайталанбайды деп үміттенетінін білдірді.

Су басқан өңірлерден тараған видеолар жан түршіктіреді.

Қаншама мыңдаған адам зардап шекті, қаншама мыңдағана отбасыны шаңырағынан айрылды, қанша дүниенің күлі көкке ұшты.

«Әттеген-ай» дейтіндей-ақ бар. Қолдан жасап алған проблема ғой. Шымшық сойған қасапшы да ағаттық жіберіп тұр.

Халықтың қалауы, пікірі, билік өкілдерінің тапсырмасы, қауқары бас болып тұрғанымен, мойынсыз (президент) ештеңе істей алмайды екенбіз…

Иә, жүрек, уайым бәрімізді бірдей. Адамбыз ғой… Табиғат апаты айтып келмегенімен, қолдан жасалған проблема екенін сіз бен біз жақсы біліп отырмыз. Әрине, кінәлілер орнын босатып, біразы жауапқа тартылады. Мәселенің алдын алмағаннан кейін кейбір әкімдер де сөгіс алды.

Осындай кезеңде қол ұшын созып, көмек беріп, сбор ашып жатқан қорлар, тұлғалар, белсенді халық - күшіміз бірлікте екеніне тағы бір дәлел! Әлемді мейірім құтқарады.

@tokayev_online өзі қатаң бақылауға алған жағдай шешімсіз қалмайды. Зардап шеккен отбасыларға үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

Астана Су қоймасында жасалған фото.

Былтыр жазда болған су тапшылығы, биылғы апаттың кесірі енді қайталанбайды деген үміттемін, - деп жазды танымал тележүргізуші.

Жазбаның астындағы оқырмандар пікірі екіге бөлінді. Кейбірі Ләйләнің сөзін қостап, қолдау білдірсе, екінші бірі жылда осы жағдайдың қайталанатынын айтып, налыды.

"Қайталанбайды деп үміттеніп жүргенімізге қанша жыл болды. Баяғы жартас сол жартас. Қарапайым халықтың өздері тірнектеп жинаған мал-мүлкі суға кетіп жатыр. Қай жерге қонарларын білмей, еденде суық жерде түнеп жүр. Бұған кім жауап береді? Халықтың шығынын кім жабады? Қазір 21 ғасыр мүмкіндік көп. Мал асыраңдар деп ақылды өте жақсы береді. Ал өзімен өзі күн көріп жүрген халықтың малдары суға кеткенде, әдеттегідей ешкім жазаланбай, мәселе шешілмей, келесі жылы тағы қайталанып тұрады. Бала кезімнен осылай…"

"Қазақстан тек тойханалар салып той тойлап, би билейді, алып-сатарлар мен ұрылардың мекеніне айналды, нағыз бизнес шетелдіктердің билігінде, мұңын шексе (айтса) түрмеге тығады, құрдымға кеттік, тағы бетке ұстарлар шет елдерге қашады, тарих қайталанады, өкінішке орай";

Бәр тек, қатаң ескертумен ғана шектеліп жатыр. Істемесе орнынан алып, жымқырған ақшаны қайтартып, қатаң шара қолдану бізде қашан болады осы".

"Су тасқыны табиғи апат. Алла бір қауымды қырына алса топан су қаптатқан. Анау кінәлі, мынау кінәлі демей тәубаға келейік. Адамдардың аман қалуын, сабыр тілейік, қолдан келген бар көмегімізді көрсетейік. Бұл да Алланың сынағы ғой";

"Бір Алла жар болсын, дұрыс айтасыз Ләйлә ханым, қаншама еңбектері , қаржылары, адам өлімі жоқ, оғанда шүкір. Алла сабырлық берсін";

"Су басқан ауылдардағы әр адамға Алла сабыр берсін. Дұғадамыз Алла жар болсын. Жүрегің ауырады", - деп қалың оқырман жазбаның астына жанайқайымен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары