Одан кейін тағы әже бар. Жасы 82-де. Жиенінен қорлық көріп, біздің орталықты паналап отыр.
Жуырда танымал продюсер Баян Мақсатқызы әйелдерді оңалту орталығын ашқан еді. Енді сол орталыққа зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер келе бастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы продюсердің өзі айтып берді.
Бүгінде біздің оңалту орталығымызға 14 адам келіп түсті. 5 ана мен 9 бала жатыр. Ертең тағы да 1 ананы 4 баласымен қабылдаймыз. Қазір ол таныстарына барып, жасырынып отыр. Бұл біздің қоғамымыздың мәселесі. Осындай жағдайларды көріп отырып, өзім шок та қаламын. Одан кейін тағы әжеміз бар. Жасы 82-де. Жиенінен қорлық көріп, біздің орталықты паналап отыр, - деп жазды Баян Алагөзова.
Бұған дейін ол орталықта қандай мамандар жұмыс істейтінін айтқан.
Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ, - деді ол.