Өнер иесі Назар есімді ұлын тәрбиелеп отыр.
Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова жеке парақшасына жігітін сүйіп тұрған фотосын instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Бәріңізге бұйырсын! Жақында таныстырамын”, – деп жазды актриса.
Естеріңізге сала кетсек, өнер иесі Назар есімді ұлын тәрбиелеп отыр.
Өнер иесінің жанкүйерлері мен желі қолданушылары жарыса пікір жазып, актрисаға бақыт тілеп жатыр.
“Айжұлдыз сенің өте ақылды, керемет білімді қыз екеніңді бір подкасты тыңдап білдім. Бұрын тек Жанар Айжанованың қызы деп ойлайтынмын. Алла зейініңді ашқыр, өз қатарластарыңның алды бол! Осындай білімді ұрпақ өсіп келе жатырғанына өте қуаныштымын! Бағың жансын!”, – деп жазып жатыр оқырмандары.