02.04.2024, 14:00

«Махаббат бар екеніне сендірген...»: Алтынай Жорабаева күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады

Фото: @altynaizhorabayeva

Сендей жанды бізге жолықтырған Аллаға мың алғыс!

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуіне Instagram-дағы парақшасында алғыс айтып, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Менің де, қыздарымның да өмірі 180 градусқа өзгеруіне себепші болған, жәннатым! Туған күнің құтты болсын! Сендей жанды бізге жолықтырған Аллаға мың алғыс! Махаббат бар екеніне сендіргенің үшін, қыздарға әкелік махаббатты сездіргенің үшін, мені өмірімдегі жыртық-жамауыммен жақсы көргенің үшін қатты жақсы көрем!

Екеуміз үйленсек деп армандағанда, сенің "Қыздар мені қалай қабылдар екен? Сені қызғанып, мені ұнатпай қалса, не істеймін?" деп қатты қорыққан кезің де артта қалды. Себебі, бәрі саған байланыст екеніне тағы да көзім жетті. Қыз бала әкеге жақын деп айтады. Міне, сендей махаббатын үйіп-төгетін әкеге жақын болады.

Алла пейіліңе жақсылығын үйіп-төгіп берсін! Алланың қалауымен, көпшіліктің дұғасымен осы әппақ пейіліңе пейіліңе Аминамыз дүниеге келді. Алла екеумізге екі дүниеде де бірге болуды нәсіп етсін", – деп жазды Алтынай Жорабаева.