«Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген сөз бар.
Белгілі актер Еркебұлан Дайыров елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғаларға билік өкілдерін айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, халық өз мәселесін өзі шешіп, билікке арқа сүйемейтін секілді.
«Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте, сыныптың жөндеу жұмыстарына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына жинайтынбыз. Міне, Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау… Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсыз да түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма. «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген сөз бар. Бәрі бір Аллаға аманат! Бұл запыраныма да уақыт бөліп оқығандарыңызға рақмет!
Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайн сотын тамашалайық ағайын!», – деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердың ойын бірауыздан қолдап, халықтыі амандығын тілеп, оны қолдай жөнелді.