$ 441.58  480  4.86

«Біз де дәл сіздердей халықпыз»: Ерке Есмахан су басқан өңірлерге көмек беруге қатысты пікір білдірді

Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы.

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілетін көмекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда”, – деп жазды әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, тыңдарман қауым ол қол қусырып отыр деген әңгіме таратып жатқан көрінеді. 

“Менің жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей.  Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!”, – деп үмітін үзбеді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары