Актриса климаты ыстық елде күндері қалай өтіп жатқанын оқырмандарына да көрсетуді ұйғарған.
Вьетнамда фильмнің түсірілімінде жүрген актриса Фариза Ескермес Instagram әлеуметтік желісінде ашық образдағы суреттерін жариялап, бірақ сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса климаты ыстық елде күндері қалай өтіп жатқанын оқырмандарына да көрсетуді ұйғарған. Астына «Ұят емес» деп қысқа ғана жазба қалдырған актрисаның суреттері бірден қызу талқыға түсті.
"Ұят болмаса, бәрін шеше салу керек еді", "Жігіті орыс. Так что, все разрешает. Жайдан жай, тандап жатқан жоқ қой Андрейді. Қазақ жігіттері бұлай жүргізбейді", "Сөз жоқ. Рамазан айында мұндай фото салған дұрыс емес сияқты", "Оразада ұят қой", "Қазақ қыздарына қайран қалам", "Мінсіз мүсінін неге көрсетпеске, өте сұлу қыз", "Бұл әркімнің өмірі, әркім өзі үшін жауап берсін", "Бір ұнайтыны, ешкімнің сөзін елемейді", - деп жазуда көпшілік.