$ 494.87  520.65  4.91

«Айуанның жазасын берсін!»: Мақпал Жүнісова өзіне күйе жаққандардың үстінен арыз жазбақ (ВИДЕО)

50 миллионға дейін айыппұл төлетпек. 

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты өтірік өсек тарататқандарға ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимовпен әншінің көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған.

«Осындай неше түрлі тақырып жазып, менің намысымды таптап жүрген бетсіздерге жуырда арыз жазамын. 50 миллионға дейін айыппұл төлетіп, сол ақшаны қиналған жандарға беремін. Алла осылай жазып ютубқа салған айуанның жазасын берсін. Ермахан бауырым, мынаны салғандарды тауып, сазайын бірге берейік!», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мен әншінің оқырмандары сабырға шақырып, мән бермеуге кеңес беріп жатыр.

«Есерсоқтармен жағаласып қайтесіз, әніңізді айтып жүре беріңіз!», «Сотқа сүйреп, көзіне көк шыбын үймелетіңіз», «Адамның жеке өміріне араласуға ешкімнің құқығы жоқ», - деп әншінің тыңдармандары қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары