"Әр адам қателік жібереді ғой".
Өнер жұлдызының инстаграм парақшасында оқырмандары әншінің "Қателігімсің" атты әні сәтсіз аяқталған некесіне арналған деп жорамалдап, сұрақ қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Тура бір адамға арналғандай", – деп жазды оқырмандарының бірі әншіге.
Ал Балжан Бидаш бұл әннің ешкімге арналмағанын айтты.
"Ешкімге арналмаған. Әр адам қателік жібереді ғой", – деп жауап берді Балжан Бидаш оқырманына.