Ол кезде той палаткада болатын, ресторан деген жоқ.
Белгілі әстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов отбасы құрған сәттегі қызық оқиғасын «Саумал» подкастында баяндады. Оның айтуынша, үйлену тойында шегіртке қаптаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл әншінің шаңырақ көтергеніне – 25 жыл жыл толып отыр.
«1999 жылы үйлендім. Сол жылы елімізде шегіртке жауып тұрды. Енді көрмеген адам сенбеуі мүмкін. Көлік жүретін жолдың бойы әйнектей теп-тегіс, жып-жылтыр боп жататын. Өйткені машиналар әрлі-берлі өткенде шегірткені басып кеткен. Одан кейін «Саранча» деген сериал болып жатты. Сол фильмнің аты шегіртке жауғанымен байланысты ма деп ойлаймын. Сосын біздің тойдың үстінде бүкіл тамақта шегірткелер секіріп жүретін. Үйлену тойымды ауылда жасадым. Ол кезде той палаткада болатын, ресторан деген жоқ. Аспаннан жаңбырша жауғанын көзімізбен көрдік. Келіншегімнің той көйлегінің астына дейін кіріп кеткені есімде. Одан кейін шегіртке азая бастады. Оны үкімет кетірді ме, әлде өздері кетті ме, ол жағын білмедім. Кәдімгідей аспанан жауатын. Олар жоғары көтеріліп ұша ма, білмеймін. Әйтеуір, қараған кезде көз жететін жерге дейін шегіртке ұшып жүретін», – деп әнші өткенді күліп есіне алды.