$ 494.87  520.65  4.91

Мөлдір Әуелбекова: Сен баланың қамымен жүрсің, бірақ оған ол маңызды емес

Әншінің айтуынша, ақша табамын деп қарбаласта жүріп балаға көңіл бөлуді ұмытпау үшін арасында "кідіруді" үйрену керек.

Фото:  www.instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova

Кешью тобының бұрынғы әншісі, қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарының бірі Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесіне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, ақша табамын деп қарбаласта жүріп балаға көңіл бөлуді ұмытпау үшін арасында "кідіруді" үйрену керек.

Бәрі арпалысып, дүниедегі бар ақшаны табу үшін қарбаласып жүр. Міндетті түрде кідіріп үйреніңіздер. Өйткені балаң бар ғой ертең тез-ақ өсіп кетеді. Ол қайтып келмейді. Ол сенің құшағыңа, махаббатыңа толып үлгеру керек.

Иә, түсінікті, сен баланың қамымен жүрсің. Тамағы, киімі жетсін деп, бірақ оған ол маңызды емес қой. Балаға бала кезінде сен керексің, сенің махаббатың керек, сезім керек, жылы сөздерің керек, - деді танымал әнші.

  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары