08.04.2024, 04:30

«Халықты мектепке емес, неге қонақ үйге орналастырмайды»: Белгілі әнші су тасқыны жайлы

Фото: nurbullin инстаграм парақшасынан

Халық үйі салынып біткенше не істейді? Соны ойлаймын.

Ақтөбелік әнші Нұрболат Абдуллин инстаграм парақшасында еліміздегі су тасқынына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол үйі су астында қалған тұрғындар мектепке емес, қонақ үйге орналасуы керек деп санайды.

Үйі су астында қалған ағайындар жаппай мектептерге орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартаментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Халық үйі салынып біткенше не істейді? Соны ойлаймын. Омыраудағы бала, ата-әжелерге сондай қиын. Табиғи апат қаупі бар болсын, жоқ болсын әр қала, ауданға эвакуация пункттері салынуы міндетті деп ойлаймын, - деп жазды әнші.