$ 494.87  520.65  4.91

«Халықтың қарызға батып жүргеніне «Инстаграм» да кінәлі» – Бүркіт пен Аиша

Қалтаңда бар ақшаңа сай өмір сүру керек.

Фото: https: instagram.com/berkut_aibekjan
Фото: https: instagram.com/berkut_aibekjan

Қазақстан эстрадасының жұлдызды жұбы Бүркіт пен Аиша несиеге көлік алатындарды сынады. Олардың пайымдауынша, халық көрпесіне қарай қарай көсілуі керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерлі-зайыпты әншілер көпшіліктің қарыз алмауға шақырды.

«Үйдегі жай әңгіме ғой. Қарызға батпаңыздар! Автосалонға кірдік қой. Бес-алты менеджер қаламдарын қайрап отыр. «Келесі кезек кімдікі?» деп. Сол жерде жүргендердің 80 пайызы несиеге көлік алып жатыр. Оның үстемақысы деген сұмдық енді. Адамдар қалай қарызға өмір сүре береді? Бұл дұрыс емес, арты жақсы болмайды. Адамдар қалтасында қанша ақша бар, соған келетін көлік алып, айдап жүре бермей ме? Түсінбеймін. Қалтаңа қарап көсілу керек, қарызға батсаң ұйқың тыныш болмайды. Мейлі, несиеге көлікті аларсың, бірақ ертең оны соғып алсаң не болады? Көлік жоқ, бірақ несиесін төлеуге міндетті боп қаласың. Банк сенің жағдайыңды түсінбейді. «Апатқа ұшырапты ғой, істетіп алған соң төлейді» демейді, ешқашан. Қалтаңда бар ақшаңа сай өмір сүру керек. Халықтың қарызға батып, несие үстіне несие алып жүргеніне «Инстаграм» да кінәлі», – деді Бүркіт.

Оны әйелі Аиша қолдай жөнелді.

«Ел ішінде «ең алдымен өртті, сосын қарызды, сосын барып жарықты сөндіру керек» деген сөз бар. Яғни адамның қарызы жанып жатқан өртпен тең екен», – деді Аиша.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары