Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр.
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов көлігін еш себепсіз танымайтын азаматқа сыйлады. Өнер иесі темір тұлпарын көпбалалы, екі аяғынан айырылған азаматқа тарту етті, деп хабарлайжы Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында көлігін біреуге тарту ететінін айтқан болатын.
«Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр», – деген болатын әнші.
Осы видеосынан кейін әнші көлігін екі аяғынан айырылған азаматқа тарту еткенін көрсетті. Әншінің айтуынша, Нұржан – көпбалалы әке.
«Екі жыл бұрын өкшесінен жарақат алып басталған дерт, қазіргі таңда Нұржанды осы күйге түсірген. «Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді» дейміз. Десек те, қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы мен жұбайы бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян. Жұбайына мың алғыс! Осы отбасыға лайықты деп ойлаймыз. Береке берсін», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.