Видеодан көше бойында орналасқан барлық үйлердің су алғанын көруге болады.
Актер Жанболат Найзабеков Instagram парақшасында қара шаңырағының суға кеткенін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Туып-өскен үйім" деп қысқа ғана жазбамен жариялаған видеода актер өз үйінің жағдайын көрсетіп, жаны қиналғанын жасыра алмады.
"Балалық шағым өткен үй. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады. Алла, сабыр бер", – деді Жанболат Найзабеков.
Видеодан көше бойында орналасқан барлық үйлердің су алғанын көруге болады. Ал оқырмандары Найзабековке сабыр тілеп, басу айтты.
"Сабыр берсін", "Үйінен айырылған жандарға хан сарайындай үй бұйырсын", "Әр қиындықтың артында бір жақсылық бар", "Арты жақсы болсын, тұрғындарға сабыр берсін. Оңай емес туған жер, өскен үй әр қашан ыстық қой", – деп жазды олар.
Актерге Тоқтар Серіков, Жазира Байырбекова, Бағлан Әбдірайым мен Серік Ибрагимов сияқты өнердегі әріптестері де сабыр тілеп жазды.