$ 494.87  520.65  4.91

«Апат айтып келмейді»: Мәдина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

"Біздің отбасы да өз үлесін қосып, 1.000.000 тг аудардық!".

Фото: @sadvakasovamadina
Фото: @sadvakasovamadina

Эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Садуақасова тасқын судан зардап шеккендерге қолдау білдіріп, өз отбасының атынан қаржылай көмек аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті Қазақ елі! Әлеуметтік желіні ашсақ, бүкіл БАҚ өкілдерімен қатар барша жанның бәрінің жарыса жазып жатқаны - су тасқыны. Бірі ел үшін деп шырылдап көмек жасап жатса, кейбірі кінәліні іздеп, әркімді даттауда.

Апат айтып келмейді, мұндай алапат топан су елімізде бұрын-соңды болмаған. Ойламаған жерден Арқалықтан басталған апат, Батысқа да жетті. Көктеміміз қардың күрт еруімен қатар, Жайығымыз да тасуда.

Аллаға шүкір! Адам шығыны болмай, құтқарушы қызметкерлер оқиға орнынан тез табылып, тұрғындар уақытылы эвакуацияланды. Қайырымдылық қорлар, жекеменшік кәсіпкерлер, қаншама өнер адамдары, танымал жомарт жандар миллиондап ақша аударып, тонналап гуманитарлық көмектер жасауда. Осындай сәтте күшіміз бірлікте! “Жаңбырдан соң күн шығады” дегендей бұл күндер де артта қалып, бәрінің дұрысына қарай шешілеріне сенеміз", - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар, әнші өз отбасының атынан су тастқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде ақша аударған болатын.

"Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір-бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтарға мың алғыс! Біздің отбасы да өз үлесін қосып, 1.000.000 тг  аудардық! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын",  - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары