$ 441.66  475.14  4.86

«Апатқа бұл ән кінәлі емес»: Айтыскер Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Осы орайда, ақын Жандарбек Бұлғақов бұл ән коронавирус кезінде шыққанын айтты. 

Фото: instagram.com/syrym_auyezkhan
Фото: instagram.com/syrym_auyezkhan

 «Біз біргеміз» әнінің авторы, айтыскер ақын Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Осы сынақ басталып (Қазақстандағы су тасқыны), Құлсарыға келгелі бері ең көп естіген сөзім «Біз біргеміз» әнінің сөзін құрту керек» деген сөз болды. «Қиын-қыстау қилы заманда» деген әннің түбіне жетейік деп жатыр. Оның авторы – мен. Мен жазған едім. Халықтан кешірім сұраймын. Бірақ, апатқа бұл ән ғана кінәлі деп емес, басқа да себептерді қарастырып көрсек деген ұсыныс бар. Сондай әнді айтам деген әншілер болса, хабарласыңыздар! Қандай ұсыныстарыңыз бар?», - деді ақын Instagram парақшасында.

Осы орайда, ақын Жандарбек Бұлғақов бұл ән коронавирус кезінде пайда болған туынды екенін, содан бері қиын сәттерде көп қолданатын әуен болып кеткенін айтып, қалжыңдады.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде су тасқыны болып жатқан өңірлердің қазіргі жағдайы түсірілген видеоларға осы ән қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары