$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Индира Елемес күйеуін алаяқтық жасады деп айыптағандарға жауап берді

Желі қолданушысының айтуынша, ол құзырлы органдарға арыз жазып үлгерген. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Facebook желісінде Алексей Пучков есімді азамат әнші Индира Елеместің күйеуі Қалелхан Иманмадиды алаяқтық жолмен ақша алды деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушысының айтуынша, ол құзырлы органдарға арыз жазып үлгерген. 

«Достар, кеше мен Instagram-да пост жаздым. Қалелхан Иманмәдидің алаяқтық әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздедік. Бұл Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі және әнші Индира Елеместің күйеуі. Бірнеше адам жауап берді. Бірақ мен одан да көп жапа шеккендердің бар екенін білемін. Егер өзіңіз немесе танысыңыз зардап шеккен болса жекеге хабарласыңыз. Алдыңғы жазбамнан кейін Қалелхан шығып, алаяқтық жолмен алған ақшамды қайтарып беремін деп, жазбаны өшіруімді өтінді. Алайда мұның бәрі бос сөз болып қалды», – деп жазды желі қолданушысы.

Осы мәселеге қатысты өнер иесі Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Индира Елеместің өзіне қоңырау шалып, сұраұ қойды, Бір сағаттан кейін өнер иесі жауап беріп, өз ойын айтты.

«Қалелхан Иманмәди күйеуім екені рас. Бірақ бұл іс туралы ештеңе білмеймін. Тіпті, осы мәселе бойынша күйеуіме хабарласып, істің мән-жайын сұраған да жоқпын. Өйткені олар – ересек адамдар. Жолдасым екеуіміз бір-біріміздің тірліктерімізге араласпаймыз. Алексейден ақша алды дегеннің өзінде мен қасында болған жоқпын. Ол ақшаны көріп, қолмен ұстаған емеспін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Осы жағдайға мені араластырғаны үшін ренжіп қалғаным рас. Мені жеке парақшасында белгілепті. Тіпті шокта отырмын. Өйткені өнер жолында жүріп, танымал болғалы осындай мәселемен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын. Осы тұрғыда заңды қолдаймын. Заң қалай шешеді, менің де позициям сол жақта болады. Кім кінәлі болса да, тиісті жазасын алуы керек», – деді Индира Елемес.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары