$ 441.66  475.14  4.86

Белгілі актриса екінші перзентін дүниеге әкелді

Қандай күшті жаңалық.

Фото: djurinskaya инстарам парақшасынан
Фото: djurinskaya инстарам парақшасынан

Отандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның отбасында қуанышты хабар. Өнер иесі екінші перзентін дүниеге әкелді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлды болды. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалықты Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рахмет саған махаббатым, - деп жазды актрисаның күйеуі.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілектерін жаудыра жазды.

"Бауы берік болсын", "Қандай күшті жаңалық. Дені сау, болашағы зор азамат болсып өссін", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Мықты азамат болсын", "Ата-анасының мақтанышы, әпкесінің қорғаны болып өссін", "Жәния, Данияр құттықтаймыз! Балапандарыңның қызығына тоймай жүре беріңдер", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары