14.04.2024, 13:30

"Сенің әкең – екінші "Қуандық": Айсәуле Бақытбектің әйел құқығы туралы жазбасы талқыға түсті

Фото: aissaulebakytbek инстаграм парақшасынан

Мен оны ұмытқан жоқпын.

Танымал блогер, кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек қоғамды дүрліктірген Бишімбаев әрекетіне қатысты желідегі парақшасында пост жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің айтуынша, қоғамдағы әйелдердің құқығын тек әйелдердің өздері ғана көтеріп жүрген көрінеді. 

“Әйелдері қысымға ұшырап, қыспақ көрген қоғамның болашағы жоқ. Әйелдер үнемі өздерін қауіпті сезінетінін айтқан кезде ер адамдар таңғалады. Салтанаттың басынан өткен оқиға қоғамды қатты қоздырды. Өйткені әйелдер таяқ жеп жүрген “Қуандықтарын” есіне алды. Біздің елдегі патриархал ойлауды өзгерту үшін тағы не істеу керегін білмеймін. Қазір елімізде әйелдің құқығын әйел ғана қорғайтынын көрсетіп отыр. Біз бірігіп, жеңіске жетеміз. Жоғары сот лайық үкім шығарады деп сенемін. Олай болмаса, өзгеріс күтпегеніміз дұрыс. Қуандық секілділер ұзақ отырады. Ол секілді әрекеттерге баратындардың да барар жері бір болмақ. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз бұған шыдамаймыз”, – деп жазды блогер. 

Айсәуленің жазбасынан кейін, оқырмандардың ойы жан-жаққа бөлінді.

“Сенің әкең де – екінші “Қуандық”. Анаңмен ерлі-зайыпты болғанда қандай қылмыс істегенін білесің”, – деген желі қолданушысына Айсәуле былай деп жауап берді.

“Ескі жараны тырнағаннан кейін өзіңізді жақсы сезінген болсаңыз, мен қуаныштымын. Жалпы, менің жеке парақшама және әрбір жазбама ата-анамның басынан кешкен оқиғаларды жазбайтын адамды жақсы көремін. Сіз ол оқиға менің есімнен шығып кеткендей жазыпсыз. Бірақ рақмет, мен оны ұмытқан жоқпын”, – деп жауап жазды блогер.