Барлық қазақ қыздарына Қайраттай күйеу, Гүлзирадай ене жолықсын.
Танымал актриса, продюсер, Айдарбековтер әулетінің келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жасын шетелде жалғыз өзі қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
36 жасқа табан тіреген актриса әлеуметтік желідегі парақшасында өмір туралы жазба жариялады.
“Өлшеулі өмірімнің 36-баспалдағына шықтым. Осы жасқа келгенше жақсы өткіздім бе, жаман өткіздім бе, өмірдің біраз жылдары артта қалды. Таңдану, алдану, қуаныш, өкініш, қызығу, құштарлық, жиіркеніш, ынтықтық, ах ұру, бейғамдық, сабырлық, жеңілу, жеңіске жету, қошеметке бөлену, жылау, асығу, төзу, ризашылық, тәубе ету, бақыт… осы сезімдердің барлық-барлығын да шыңына жете сезіндім. Адам боп туғаннан кейін өзгеру заңдылық. Әр жасымда әр түрлі болғаным да рас. Ортама, сана деңгейіме тән әрекет етіп, өмір сүрдім. Расында түсінгендер де, түсінбегендер де көп. Бірақ білесіз бе, менің дәл осы жасымдағы күйім өзіме қатты ұнайды. Ата-анам аман, бауырларым бүтін, санам тұнық, ұлдарым өсіп, әдемі әңгіме айтатын, қыздарым өзіммен сырласатын сәттемін. Ең бастысы күн сайын Жаратушыммен жымия сөйлесемін. Шүкір! Шыр етіп, жарық дүниеге келген сәтімнен бастап, өзіме берілген барлық эмоцияға дән ризамын”, – деп жазды кино жұлдызы.
Желі қолданушылары туған күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. Алайда жолдасы Қайрат Нұртасты да тілекке қосқандар табылды.
“Туған күнің құтты болсын!”, “Барлық қазақ қыздарына Қайраттай күйеу, Гүлзирадай ене жолықсын”, “Қайрат сахнаға алып шықпағанда ешкім емес едің”, “Нұртас әулетінің арқасында танымал болды”, “Дене бітіміңіз күшті, бірақ түріңіз 50-ге толған әйел сияқты”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.