Қолғапты 300 мың теңгеге сатып алған актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
«Біз екеуміз» фильмінің тұсаукесерінде продюсер Гүлнұр Мамасарипова аукцион ұйымдастырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аукционда Роза Бағланова киген Louis Vuitton қолғабын сатылды. Қолғапты 300 мың теңгеге сатып алған актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
Бұл бағалы заттарды қайырымдылық қорына сыйлық қылып ұсынамын. Басқа аукциондарда олар үлкен ақшаға сатылады. Өз миссиялары (жандарға аукцион арқылы қаражат жинап, көмек беру), орындай берсін, - деп жазды ол.
Актриса тарихи жәдігерді жарысу емес, көмектесу мақсатында сатып алғанын жеткізді. Ал ұйымдастырушы Гүлнұр Мамасарипова аукционнан түскен қаражат толықтай қорға жіберілетінін растады.